ҰБТ-да жоғары балл жинау құпиясы тек білімге емес,
қателерді азайтуға да байланысты.
Көп оқушы бірдей қателерді қайта-қайта жасайды.
Егер осы қателерді алдын ала білсең, нәтижеңді айтарлықтай көтере аласың.
Төменде ҰБТ-да ең жиі кездесетін 10 қате берілген.
Көп оқушы сұрақты асығыс оқып,
негізгі сөздерді өткізіп алады.
Мысалы:
“ЕМЕС”
"-ЛАР"
Осындай сөздерге мән бермеу қате жауапқа әкеледі.
С деңгейлі сұрақтар 2 құрылымнан тұрады. Сұрақ ішіндегі сұрақтарда шатасу да сіздің ұпайыңызды азайтады
Қиын сұраққа ұзақ отырып қалу - үлкен қате.
Егер бір сұраққа 5 минуттан артық уақыт кетсе,
оны өткізіп, кейін қайтып келген дұрыс.
Кейбір оқушылар тесттің соңына дейін жетпей қалады.
Себебі:
басында көп уақыт жұмсайды
соңына уақыт жетпейді
бір сұрақта ұзақ отырады
Тест тапсырғаннан кейін бірден нәтижені қарап, шығып кету қателік.
Егер қателерді талдамасаң,
сол қателерді қайта жасайсың.
Егер ол Қаңтар/Наурыз/Нағыз ҰБТ болса, онда аппеляция беру бөлімі арқылы шығып кетпес бұрын талдаған жөн.
Егер ол SuperApp платформасындағы байқау сынағы болса, онда қатемен жұмыс бөлімі арқылы сол жерде талдау қажет
Көп оқушы барлық тақырыпты қайтадан оқиды.
Бірақ ең тиімді тәсіл -
әлсіз тақырыптарға назар аудару.
Әлсіз тақырыптарыңыздың тізімі, ҰТО-ның app.testcenter.kz сайтында бар. Немесе біздің платформада қатемен жұмыс бөлімінен көре аласыз
ҰБТ - бұл тек теория емес, дағды.
Егер тек оқып, тест шешпесең,
нақты тестте қиын болады.
Тест кезінде қобалжу:
ойды шашыратады
қателікті көбейтеді
Блог авторының жеке тәжірибесінен ең үлкен кеңес: Бірінші қиын сұрақтан кейін "НҰСҚАМ ҚИЫН" деген ойдан арылу.
ҰБТ тапсыру барысында, әсіресе сол сәтті сіздің грантқа мүмкіндігіңіз шешілгенде әр сұрақ сізге стресс әкеледі.
Бірақ бірінші болсын, екінші қиын сұрақ болсын сізді сындырмауы тиіс.
“Мен ондай балл ала алмаймын” деген ой
мотивацияны төмендетеді.
Көп оқушы дәл соңғы айларда шаршап,
аз оқи бастайды.
Ал бұл кезең - ең маңызды уақыт.
Вальс, соңғы қоңырау вайбын дұрыс дайындықпен қатар алып жүру қажет
Бұл ең үлкен қателердің бірі.
Пробный тест тапсырмасаң:
уақытты басқаруды үйренбейсің
тест форматына үйренбейсің
өз деңгейіңді білмейсің
Егер осы қателерді жібермесең:
нәтижең жақсарады
сенімділігің артады
ҰБТ-да жоғары балл жинау мүмкіндігі өседі
Осы қателерді жасайсың ба?
👉 GeOnline платформасында
ҰБТ форматына сәйкес пробный тест тапсырып көр.
Жаңа қолданушылар үшін
бірінші мүмкіндік тегін.