Наурыз ҰБТ алдында нені қайталау қажет?

Автор Тоқтағазинов Шыңғыс в Articles 13 мар 2026
Делиться

Наурыз ҰБТ алдында нені қайталау қажет?

ҰБТ-ға дайындықтың ең маңызды кезеңдерінің бірі - аралық ҰБТ-лар(Наурыз/Қаңтар)

Әсіресе Қаңтар ҰБТ тапсырған оқушылар үшін бұл кезең өте маңызды.

Көп оқушы қаңтар ҰБТ-дан кейін:

  • қай жерде қате кеткенін

  • қай тақырыптар әлсіз екенін

  • нені қайта оқу керегін

толық талдамайды.

Ал дұрыс дайындықтың ең маңызды бөлігі - рефлексияяғни өз нәтижелеріңді талдау.


1. Қаңтар ҰБТ нәтижесін міндетті түрде талда

Егер сен қаңтар ҰБТ тапсырған болсаң, алдымен нәтижені мұқият қарау керек.

Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жеке кабинетінде қаңтар ҰБТ бойынша талдау (анализ) көрсетіледі.

Онда:

  • әр пән бойынша нәтиже

  • дұрыс және қате жауаптар

  • әлсіз тақырыптар

көрсетіледі.

Осы анализ арқылы сен:

  • қай тақырыптарды жақсы білетініңді

  • қай тақырыптарды қайта оқу керегін

анықтай аласың.


2. Әлсіз тақырыптарды анықта

Көп оқушы барлық тақырыпты қайтадан оқуға тырысады. Бұл уақытты босқа жұмсау.

Ең тиімді тәсіл - әлсіз тақырыптарға назар аудару.

Қысқаша география пәнінің мысалы ретінде келтірейік:

егер тестте көбіне қате кеткен тақырыптар:

  • климат

  • карта

  • экономикалық география

болса, дәл сол бөлімдерді тереңірек қайталау керек. Бұл дайындықты әлдеқайда тиімді етеді.


3. Пробный тест арқылы өз деңгейіңді тексер

Тек теория оқу жеткіліксіз.
ҰБТ - ең алдымен тест форматы.

Сондықтан дайындық кезінде міндетті түрде пробный тест тапсырып отыру керек.

Пробный тест арқылы сен:

  • уақытты дұрыс пайдалануды үйренесің

  • тест форматқа үйренесің

  • әлсіз тақырыптарды тағы анықтайсың.

    • ресми ҰБТ барысында өзіңді жайлы сезінесің, қорқынышты басасың

GeOnline платформасында пробный тесттер ҰБТ спецификациясына сәйкес жасалған.

Және жаңа қолданушылар үшін бірінші мүмкіндік тегін.


4. Қатемен жұмыс жаса

Тест тапсырғаннан кейін ең маңызды кезең - қатемен жұмыс.

Көп оқушы тестті орындап, нәтижені қарап қана қояды.

Ал шын мәнінде нәтиже жақсару үшін:

  • қате кеткен сұрақтарды қайта қарау

  • түсінбеген тақырыптарды оқу

  • қайтадан тест орындау өте маңызды.


5. Дайындықты әртүрлі форматта жүргіз

ҰБТ-ға дайындық тек кітап оқумен немесе тест орындаумен ғана шектелмеуі керек.

Әртүрлі форматтағы дайындық мидың ақпаратты жақсы қабылдауына көмектеседі.

Сондықтан дайындық кезінде мына нәрселерге назар аудар:

Мұғалімдердің нұсқа талдауларынан қалма.
Тәжірибелі мұғалімдер тест тапсырмаларын талдап, жиі кездесетін қателерді түсіндіреді. 

Мұндай сабақтарда сен тек дұрыс жауапты емес, сұрақтың логикасын түсінесің.

Практикалық сабақтарға қатыс.
Практикалық сабақтарда тақырыптар бекітіледі, қиын сұрақтар талданады және тест шешу дағдысы қалыптасады.

Quiz ойындарын ойнап дайындал.
Quiz форматындағы ойындар дайындықты қызықты етеді және ақпаратты есте сақтауға көмектеседі. 

Сонымен қатар бұл әдіс білімді жылдам тексеруге мүмкіндік береді.

Осындай әртүрлі тәсілдерді біріктіріп дайындалсаң, оқу процесі жеңіл әрі тиімді болады.


Қорытынды

Наурыз ҰБТ алдында дайындықты дұрыс ұйымдастыру үшін:

1️⃣ Қаңтар ҰБТ нәтижесін талда
2️⃣ Әлсіз тақырыптарды анықта
3️⃣ Пробный тест арқылы деңгейіңді тексер
4️⃣ Қатемен жұмыс жаса

5️⃣ GeOnline-дағы менторларың мен координаторларыңның ұсынған дайындық тәсілдерін жаса

6️⃣ Дайындықтың түрлі тәсілдерін қолдан (Quiz ойындары, практикалық сабақтар, нұсқа талдау эфирлері және т.б)

Осындай тәсілмен дайындалсаң, нәтижені айтарлықтай жақсартуға болады. Бастысы, НАУРЫЗ ҰБТ дәл Қаңтар ҰБТ сияқты аралық сынақ ретінде қабылдаңыз. Мүмкін ойдағы нәтиже болмайды, мүмкін ойдағыдан да жақсы тапсырасыз. Бірақ бұл тек қана аралық сынақ және сіздің басты мақсатыңыз НАҒЫЗ ҰБТ-сы. Қорықпаңыз, уайымдамаңыз! GeOnline сізбен бірге және сізге сенеді💙

Комментарии (0)

Тоқтағазинов Шыңғыс

Администратор школы

Категории

Делиться

Поделитесь этим постом с другими